«2020 жылғы 13.05. сағат 17.30-да мобильдік постқа Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашиналармен келіп, күш қолданамыз деп қорқытумен, полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен. Жжанжалды жою, сондай-ақ оның жалғасуына жол бермеу үшін полиция қызметкерлері арнайы құралдар қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта атыс құралдарын қолдану фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қылмыстық кодекстің 361 – бабы 1-бөліміне бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
«Видеода ролик авторы ауыл тұрғындары тарапынан шыққан қорқытуларды басында және соңында алып тастағаны көрініп тұр, онда полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз әрекетін түсіндірген», - деп хабарлайды Департамент.
Айта кетейік, мал ұрлығының алдын алу үшін және «Металлогамма» мен «NewHantamurNC» ЖШС-нан «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлауға байланысты Полиция департаментімен Ақсу өңірі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік пост қойылды.
Департаменттің хабарлауынша, мобильдік пост қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайған. Пост елдімекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан және адамдардың еркін жүріп-тұруына еш кедергі келтірмейді.