10 мыңнан астам секция ашуға мүмкіндік беріледі - Ақтоты Райымқұлова

Поделиться:
Спорт федерацияларына қосымша 10 мыңнан астам секция ашуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президентінің Жолдауын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, оздерiнiз бiлетiндей, педагог қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылдан 2023 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өсетін болады. Бұл ұлғайту қосымша білім беретін педагог қызметкерлеріне, яғни балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорттық мектеп-интернаттардың жаттықтырушыларына әрі оқытушыларына бағытталған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн баспасөз мәслихатында.

А. Райымқұлованың сөзіне қарағанда, жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында балаларға арналған спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру қаралуда. «Қазіргі кезде министрлікте 101 спорт федерациясы аккредиттелген, оларға спорт түрлері бойынша қосымша 10 мыңнан астам секция ашуға мүмкіндік берілмек. Нәтижесінде, 300 мыңға жуық бала түрлі секцияда шұғылдана алады», - деді ол.
Просмотров материала: 0

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также