«Бас-қасында өзім жүрмін»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы отбасылық бизнесі туралы айтты

2024-05-30 14:30:00

Ол “Оян” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке кәсіппен айналысып, мейрамхананы басқарып отырғанын жасырмады.

“Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарабынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік”, – деді жас кәсіпкер.

Димаш Құдайбергеннің қарындасы ашылғанына жарты жыл болған мейрамхана жұмысына өзі басшылық жасап, келісім-шарт жасайтынын айтты.

“Идея ортақ болғанымен, бас-аяғында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамның тарабынан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын. Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз”, – деді Раушан.

Еске салайық, RAMS Qazaqstan компаниясы Димаш Құдайбергеннің Ыстамбұл қаласында өткен концертіне қолдау көрсетті.

 

 

Последние новости

30.05.2024
Маңғыстау облысында адам ұрлап, оны қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды
30.05.2024
Ақтөбеде оқушы өлімінен кейін спорт мектебінің 4 қызметкері жұмыстан босатылды
30.05.2024
Депутат «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының атауын өзгертуді ұсынды
30.05.2024
«Әкімдері вертолетпен жүреді»: Жеңіс Ысқақова Ақтөбе өңірінің жолдарын сынады
30.05.2024
Қазақстанның Қаржы министрлігі халықаралық конвенцияны бұзды — Бас прокуратура
30.05.2024
5 жұлдызды қонақ үй, гонорары қымбат шетелдік ойыншылар: Антикор спорт саласындағы былықты ашты
30.05.2024
Алматыда агрессивті жүргізуші капотқа адам мінгізіп, газға басқан (ВИДЕО)
30.05.2024
«Өздері кінәлі» — министрлік жылқысы қырылған шаруаларға өтемақы берілмейтінін айтты