Депутат «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынының атауын өзгертуді ұсынды

2024-05-30 14:30:00

Биыл елімізде өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойынын жоғары деңгейде өткізу керек екені туралы мемлекет басшысының тапсырмасын еске салған депутат аталмыш ұлттық ойын атауын өзгертуді ұсынды.

«Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны – түркі халықтарының ортақ игілігі, тарихи құндылығы мен ақыл-ой мәдениетінің көрсеткіші әрі ортақ жәдігері. Бұл ойын кейінгі жылдары дамудың барынша жоғары сатысына көтерілгенімен, әлемдік ауқымда барынша орнығуына кедергілер бар. Соның бірі – тоғызқұмалақ спортының атауы», – деді Гүлдара Нұрымова.

Депутаттың айтуынша, бұл ойынды негізінен қазақ және қырғыз халықтары  дамытып  келеді.

«Ойынның негізгі екі атауы тараған: қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, ішінара түрікше – мангала/гечюрме деп аталады. Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде ойынның аты «тоғызқұмалақ» аталады да, Қырғызстан жағы жарыс ұйымдастырғанда бұл ойын «тоғызкөргөл» болып шыға келеді. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталып келеді. Ғалымдар мен зерттеушілердің айтуынша, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол – тоғызат.  Бұл туралы этнограф Г.Загряжскийдің жасаған еңбегі арқылы ойынның атауы XIX-ғасырда тоғызат деп  аталғаны мәлім болып отыр», – деді депутат.

Мұндай атау қарақалпақ және қырғыз елінде де кездеседі екен.

«Осы деректерді ескере отырып, алдағы V дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен «тоғызат» деп өзгерту шараларын қолға алуды ұсынамыз. Ол үшін бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының қатысуымен біріккен шешім қабылдаған дұрыс болады», – деп қорытындылады өз сөзін Гүлдара Нұрымова.

 

Последние новости

30.05.2024
«Әкімдері вертолетпен жүреді»: Жеңіс Ысқақова Ақтөбе өңірінің жолдарын сынады
30.05.2024
Қазақстанның Қаржы министрлігі халықаралық конвенцияны бұзды — Бас прокуратура
30.05.2024
5 жұлдызды қонақ үй, гонорары қымбат шетелдік ойыншылар: Антикор спорт саласындағы былықты ашты
30.05.2024
Алматыда агрессивті жүргізуші капотқа адам мінгізіп, газға басқан (ВИДЕО)
30.05.2024
«Өздері кінәлі» — министрлік жылқысы қырылған шаруаларға өтемақы берілмейтінін айтты
30.05.2024
«Балаңды өлтіріп, бермей қойсам, не қылар едің»: полковник қайғыдан қан жұтқан анамен тіресті
30.05.2024
«Анасы жанымызда тұрса да көмекке келген жоқ»: Қызылордалық қыз танысының зорлағанын кейін интимді видеомен бопсалағанын айтты
30.05.2024
Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк дүниеден озды