Қазақстанның Қаржы министрлігі халықаралық конвенцияны бұзды — Бас прокуратура

2024-05-30 14:30:00

Бас прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік кірістер департаменті шетелдік компанияның резиденттік сертификатын қабылдамай, 612 млн теңге корпоративтік табыс салығын (өсімпұлды ескере отырып) қосымша есептеген.

Польша Қаржы министрлігі бірнеше рет даулы жағдайды қазақстандық тараппен өзара келісу рәсіміне бастамашы болуға тырысқан. Бұл Қазақстан мен Польша арасында жасалған қосарланған салық салуды жою туралы конвенцияда тікелей көзделген.

Алайда Қазақстан Қаржы министрлігі сот дауының болуына сілтеме жасай отырып, келіссөз жүргізуден бас тартты.

«Бас прокуратура қадағалау актісін енгізгеннен кейін ҚР және Польша қаржы министрліктері арасында өзара келісу рәсімі аяқталды. Польша тарапы компанияның Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыра бастағаннан бері Польшаның «резиденті» мәртебесін растады. Нәтижесінде салық органы сотта бітімгершілік келісім жасасып, өзінің хабарламасын қайта қарады», — делінген хабарламада.

Осылайша, Exalo Drilling компаниясының 612 млн теңге сомасына салықты қосымша есептеуі жойылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Энергетика министрлігінің жұмысындағы бұзушылықтарды анықтаған болатын.

 

Последние новости

30.05.2024
5 жұлдызды қонақ үй, гонорары қымбат шетелдік ойыншылар: Антикор спорт саласындағы былықты ашты
30.05.2024
Алматыда агрессивті жүргізуші капотқа адам мінгізіп, газға басқан (ВИДЕО)
30.05.2024
«Өздері кінәлі» — министрлік жылқысы қырылған шаруаларға өтемақы берілмейтінін айтты
30.05.2024
«Балаңды өлтіріп, бермей қойсам, не қылар едің»: полковник қайғыдан қан жұтқан анамен тіресті
30.05.2024
«Анасы жанымызда тұрса да көмекке келген жоқ»: Қызылордалық қыз танысының зорлағанын кейін интимді видеомен бопсалағанын айтты
30.05.2024
Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк дүниеден озды
30.05.2024
«10 жыл сәби сүйе алмадық»: Нұржан Қалжан алғаш рет отбасылық құпиясын бөлісті
30.05.2024
БҚО медицина университетінің ректоры Әсет Қалиев ұсталды