Шамамен бір ай бұрын қызылордалық әйел полицияға арызданған, оның айтуынша, бұл іске күдікті әлі бостандықта жүр. Жәбірленушінің анасы тергеу жұмыстары созылып жатыр деп шағымданды.
Жәбірленуші қыздың өткен жылы танысы оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасап, қайғылы оқиғаға тап болғанын айтқан.
“Ол менің ағамның танысы. Біз жақсы араластық, содан кейін ол маған көңілі ауа бастады. Ұзақ уақыт бойы онымен кездесуге барудан бас тарттым. Алайда күндердің бір күні оның үйіне баруға келістім. Анасы менің үйге келгенімді көрді. Ол сол сәтте сыра ішіп тұрғанын көрсем де, шарапты ішпедім. Тек су беруді сұрадым. Бірақ сол мезетте бірнеше жұтым жасаған соң буындарым сіресіп қатып қалды. Сөйтсе де, есімнің бар екенін біліп тұрмын. Ол сол сәтті пайдаланып, маған зорлық жасады. Қанша қатты айқайласам да, оның анасы көмекке келмеді. Жәрдем де бермеді”, – деп жәбірленуші оқиғасын айтып берді.
Осы оқиғадан кейін күдікті қыздың айтуынша, одан кешірім сұрап, оған тұрмысқа шығуға уәде берген. Белгілі болғандай, зорланған күні ол барлығын видеоға түсіріп алып, содан кейін онымен жәбірленушіні бопсалай бастаған.
“Бұл видеоға байланысты мен оның пәтеріне 2024 жылдың ақпанында төрт рет баруға тура келді. Егер мен жыныстық қатынастан бас тартсам, ол мені пышақпен, балтамен қорқытатын, тіпті мұрнымды да сындырды. Бұл туралы ешкімге тіс жармадым. Оның мені жар етіп алатынына сендім. Кейін уақыт өте келе оның бірінші құрбаны емес екенімді білдім”, – деп мойындады.
Жағдайдың шиелініскенін түсінген ол анасына бәрін айтып берді. Осыдан кейін полицияға арыз берілді. Жәбір көрсеткен ер адамның туыстары қыздың жақындарын, әсерісе қыздың әкесіне бәрін айтамыз деп қорқытқан. Осылайша жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
“Полиция мұндай фактілерді тіркеуі керек. Бірақ менің қызыма ешкім келмеді. Оның үстіне тергеушілер арызды қайтарып алуды, моральдық шығын үшін ақша алуды сұрайды. Алайда мен олардан ештеңе алғым келмейді. Тек қылмыскердің жазалануын талап етемін. Басқа жәбірленушілер жоқ, менің қызым жеті айдан астам уақыт бойы күйзеліске ушырады. Психикалық және моральдық тұрғыдан күйзеліске түсіп, тағы да өзіне бірдеңе жасай ма деп қорқамын”, – деді жәбірленушінің анасы.
Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық-процестік кодекстің тергеу деректерін жария етпеу туралы 201-бабына сілтеме жасап, оқиғаның жай-жапсарын ашпай отыр.
“Қылмыстық іс бақылауға алынды, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады”, – деді қалалық ІІБ басшысы Айдар Қасанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында 7 жасар бала зорлық көргенін жазған едік. Қалияш Сәрсенбаеваның айтуынша, 7 жасар ұлына үш күн қатарынан 60 жастағы көршісі қорлық көрсеткен.