Оқиға Үндістанның Бадаюн қаласында болған. 22 жыл бірге отасқан ерлі-зайыптылардың бес қызы болғанымен, ер адам ұлды қалаған. Мұрагердің болмауы жиі ұрыс-керіске әкеп соққан.
Оқиға болған күні ерлі-зайыптылардың арасында да баланың жынысына байланысты жанжал туындаған. Бір кезде отағасы әйеліне орақпен шабуылдап, қарсылық көрсеткеніне қарамастан, оның ішін кесіп алады.
Бұдан кейін әйел көшеге жүгіріп шыққан, оны дүкенде жұмыс істейтін ағасы көрген. Ер адам туысын ауруханаға жеткізген, ал күйеуі оқиға орнынан қашып кеткен. Дәрігерлер әйелге барлық қажетті көмекті көрсеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Жәбірленушінің күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сотта Үндістан азаматы жарақаттың өзіне әйелі себеп болғанын алға тартты. Алайда сот әйелдің жағына шығып, ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Еске салайық, америкалық әйел 19 жастағы келіншек пен оның баласын өлтіргені үшін 50 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік. Бұрын медбике болып істеген әйелге қызы ет пышағын алып келіп, ары қарай ол қыздың ішін кесіп тастайды. Ол баланы алып, су толған шелекке салады. Олар өлі Марленнің денесін көрпеге орап, сыртқа шығарды. Әйел мен қызы қылмыстың ізін жасыруға тырысып, бүкіл үйді қаннан тазартып шығады.