«Әкімдері вертолетпен жүреді»: Жеңіс Ысқақова Ақтөбе өңірінің жолдарын сынады

2024-05-30 14:30:00

Өнер иесі қаланың көркін кетірген жолдарды көрсетіп, жүру мүмкін емес екенін айтты.

“Құрметті, ақтөбелік достар! Қонақжайлық пен сыйластықтарыңа рақмет! Көңілімді түсірген бір-ақ нәрсе, көшедегі жолдардың шұрық-тесігін көріп көңілім құлазып тұр. Әлемге әйгілі ақтөбенің жолдары мұндай деп ешкім ойламаған?! Әкімдерің вертолетпен жүре ме?! Қалай ұялмайсыздар?! Қаланың ішіндегі жолдары осындай тесік болса, сырт жақтағы ауыл-аудандардың жағдайын айтпай-ақ қойған дұрыс шығар?! Ақтөбе қаласының әкімшілігі, екі күн бұрын Қызылордада болдым. Экологиялық жағдайы төмен облыстың көшелері тап-таза, жолдары тақтайдай тегіс. Сол жақтан барып, қаланы қалай әдемі етудің жолдарын үйреніп, шеберлік сағатына қатысып келіңіздер! Менің намысым келіп тұр”, – деп күйінді өнер иесі.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сүйікті әншісін қолдап жатыр. Айтуларынша, бұл әкімдіктің есігін тоздырған күн тәртібіндегі мәселе көрінеді.

“Дұрыс айтасыз”, “Жергілікті халық айтып, қартайды”, “Ерінбегеннің бәрі айтып жатыр”, “Ақтөбе азып-тозды, кір-кожалақ қалаға айналды”, “Батыстың бәрі сондай-ау”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, Ақтөбеде қала күніне орай өнер көрсеткен Садраддиннің басы дауға қалғанын жазған едік.

 

 

Последние новости

30.05.2024
Қазақстанның Қаржы министрлігі халықаралық конвенцияны бұзды — Бас прокуратура
30.05.2024
5 жұлдызды қонақ үй, гонорары қымбат шетелдік ойыншылар: Антикор спорт саласындағы былықты ашты
30.05.2024
Алматыда агрессивті жүргізуші капотқа адам мінгізіп, газға басқан (ВИДЕО)
30.05.2024
«Өздері кінәлі» — министрлік жылқысы қырылған шаруаларға өтемақы берілмейтінін айтты
30.05.2024
«Балаңды өлтіріп, бермей қойсам, не қылар едің»: полковник қайғыдан қан жұтқан анамен тіресті
30.05.2024
«Анасы жанымызда тұрса да көмекке келген жоқ»: Қызылордалық қыз танысының зорлағанын кейін интимді видеомен бопсалағанын айтты
30.05.2024
Танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк дүниеден озды
30.05.2024
«10 жыл сәби сүйе алмадық»: Нұржан Қалжан алғаш рет отбасылық құпиясын бөлісті