Қазақстанда 489 млрд теңге тиімсіз жұмсалған: 6 лауазымды тұлға ғана жұмыстан босатылды

2024-05-17 16:30:03

«2023 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңгені қурады», — деді Темірбеков мәжілісте үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырып.

Тиімсіз пайдаланылған қаражаттың 87,2 млрд теңгесі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдық, 143,2 млрд теңгесі – игерілмеген бюджет қаражаты, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, 258,5 млрд теңгесі – мемлекеттік аудит және бақылау қорытындылары бойынша анықталған бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылуы.

«Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында шаралар қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді вице-министр.

Слайдтан байқағанымыздай, 158 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 141- і басшылық лауазымды атқарады. Орталық мемлекеттік органдарда 50 қызметкер, жергілікті атқарушы органдарда 108 қызметкер жауапқа тартылды.

Дәлірек айтқанда, 80 адам ескерту және қатаң ескерту алды, 72 адамға сөгіс және қатаң сөгіс жарияланды, ал 6-уы жұмыстан босатылған.

 

Последние новости

17.05.2024
Вице-министр Қазақстанның қарызы неге өсіп жатқанын түсіндірді
17.05.2024
«Қазақстан үкіметіне сөз бердік»: Қытай компаниясы елімізде ұлттық көлік брендін қалыптастыруға мүдделі
17.05.2024
Қазақстандықтар тегін 10 соттық жерді алуға кезекте тұр: Биыл қайда және қанша жер телімі беріледі
17.05.2024
Журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің жалаңаш бейнесін түсірген полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алады
17.05.2024
Әкімнің бұрынғы әйелінің атышулы мәлімдемесінен кейін Атырау облысында қызметтік тексеріс басталды
17.05.2024
Мақат ауданының әкімі әйелін ұрды деген күдікке ілінді: полиция мен сот не дейді
17.05.2024
Бишімбаевтан соң «бүкіл еркек әйелін өлтіруге дайын» деген пікір қалыптасып барады – композитор
17.05.2024
«Мектептегі ең сорлы пән – қазақ тілі»: Ғани Бейсембаев қазақ тіліне немқұрайлы қарап отыр ма