«Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жолданған», — деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша жолданған.
Айта кетері, бұл бап бойынша 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпарат бойынша, іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр.
«Келесі сот отырысы 29 мамыр сағат 10.00-де өтеді», — делінген хабарламада.
Атырау облысының әкімдігінен әзірге еш ақпарат жоқ. Баспасөз қызметі телефон тұтқасын көтермей тұр.
Бұған дейін Атырау қаласының тұрғыны Ақмарат Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтен зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады. Айтуынша, бұрынғы жұбайы оны он жыл бойы ұрып келген, ал бір жыл бұрын балаларын заңсыз тартып алған.