Жергілікті public podslushano_aktau12 Instagram-да жарияланған видеоларда әйел әкімдік ғимаратының алдында шатыр құрып қойған. Ал кейбір мәліметтерге сүйенсек, жанында ерекше қажеттілігі бар, арбаға таңылған екінші ұлы болған.
«Бұл азамат А. Джаббасова. Ол бұрын жұмыстан босатылған ұлының мұнай-газ компаниясына қайта алуды талап етуде. Ал ұлы жұмыс уақытын қалдырып, келмегені үшін босатылған. Онымен бірнеше рет түсіндірме жұмыстары өткізілді. Алайда тұрғын біздің айтқанымызбен келіспей, облыс әкімдігі алдында рұқсат етілмеген наразылық акцияларын өткізуін жалғастыруда», – деді өңірдің ішкі саясат басқармасының басшысы Батырхан Қуанышбеков.
Желі қолданушылар видеоның астына түрлі пікір қалдырды.
“Әкімдік қызметкерлері, егер түсіндірме жұмыстары көмектеспесе, бұл үлкен мәселе екенін көрсетеді. Шара қолдау керек”, “Осындай бетпақ әйелдер көбейіп кеткен. Неге ұлына жауапкершілікті бала кезінен үйретпеген”, “Қазіргі заманда жұмысқа кірсең сол жерде тәртіпті бұзбай, орныңды сақтауға тырысу керек”, “Мен әкімдіктегілердің сөзіне сенбеймін”, – деді пікір жазушылар.
Еске салсақ, бұған дейін әкімдік алдына 16 мамырға қараған түні Атырау облысында Құлсары қаласында үйлері тасқыннан бұзылған тұрғындар түнеген еді.