Вице-министр Қазақстанның қарызы неге өсіп жатқанын түсіндірді

2024-05-17 16:30:03

Бүгін мәжілісте үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері таныстырылды.

Темірбековтің айтуынша, былтыр бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,6% құраған. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды.

«2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 22,8%-ды (119 251,1657 млрд теңге) құрады. Оның ішінде Үкіметтің борышы жалпы ішкі өнімге 20,9% немесе 24,9 трлн теңге болды», — деді вице-министр.

Осы орайда депутаттар мемлекеттік қарыздың жылдан жылға өсіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Қарыз неге өсіп жатыр? Өйткені бюджет тапшылығын қаржыландыру қажеттілігі бар. Өткен жылдың қорытындысы байынша бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңгені құрады.  Пандемиядан кейінгі кезеңде экономика қарқынын арттыру қажет болды. Сіздер білесіздер, шығыстар өсті. Қазір біз мұның бәрін баланста ұстау қажет екенін көріп отырмыз. Алдағы жылдары шығыстарды осы жылдың деңгейінде ұстаймыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша қарызды көбейтпей, Ұлттық қордан кепілдендірілген, нысаналы трансферттерді қысқартып, сәйкесінше кіріс базасын ұлғайту бағытында жұмыс істейміз», деді Темірбеков.

Айтуынша, қазір Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыштық индикаторлар рұқсат етілген мәндер аймағында тұр.

2024-2028 жылдарға арналған болжамдар мемлекеттік борыш көрсетілген жылдары лимиттен аспайтынын және жалпы ішкі өнімге 25%, ал үкіметтік борыш жалпы ішкі өнімге 21% деңгейінде болатынын көрсетіп отыр, деді вице-министр.

 

 

Последние новости

17.05.2024
«Қазақстан үкіметіне сөз бердік»: Қытай компаниясы елімізде ұлттық көлік брендін қалыптастыруға мүдделі
17.05.2024
Қазақстандықтар тегін 10 соттық жерді алуға кезекте тұр: Биыл қайда және қанша жер телімі беріледі
17.05.2024
Журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің жалаңаш бейнесін түсірген полицейлерден 100 мың теңге өндіріп алады
17.05.2024
Әкімнің бұрынғы әйелінің атышулы мәлімдемесінен кейін Атырау облысында қызметтік тексеріс басталды
17.05.2024
Мақат ауданының әкімі әйелін ұрды деген күдікке ілінді: полиция мен сот не дейді
17.05.2024
Бишімбаевтан соң «бүкіл еркек әйелін өлтіруге дайын» деген пікір қалыптасып барады – композитор
17.05.2024
«Мектептегі ең сорлы пән – қазақ тілі»: Ғани Бейсембаев қазақ тіліне немқұрайлы қарап отыр ма
17.05.2024
Тағы бір қазақстандық шенеуніктің әйелі күйеуінен таяқ жегенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады