Қазіргі уақытта Genertec 4 компанияға иелік етеді. Компанияның бас директорының орынбасары У И айтқандай, компания Қазақстандағы қызметті дамытуға назар аударады.
«2019 жылы компания халықаралық өндірістік кооперациясына қатысуы үшін жоғары сапалы шетелдік операциялық активтеріне жататын және брендингтің жақсы әсерін қалыптастыратын Қазақстандағы «Allur» автомобиль өнеркәсібі корпорациясын біріктірді. Компанияның автомобиль бренді бойынша Қазақстанда ресми түрде листингті іске қосты. Пайдаланылған автокөлік экспортының пилоттық кәсіпорны ретінде компанияның негізгі экспорттық аймақтарына орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия кіреді. Ал оның іскерлік байланыстарына автомобильдерді тексеру, бағаны бағалау, экспорттық процедуралар, тасымалдау және сатудан кейінгі қызмет көрсету кіреді», — дейді директордың орынбасары.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта компания Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастықты белсенді іздеуге, сондай-ақ қоғамдық көлік, теміржол, теңіз, әуе және басқа да бағыттарды қамтитын бірқатар ауқымды көлік жобаларын салуды бастауды жеделдетуге дайын.
«Көлік саласында Қазақстандағы жергілікті автомобиль құрастыру ісін ұйымдастырмуен айналысып, экспорттық іс-шараларды жүзеге асырамыз. Қостанайдайғы автомобиль өнеркәсібінің акционері болып есептелеміз. Былтыр компания 91 мың автокөлік шығарса, оның 81 мыңы экспортқа шығарылды. Қазақстандағы компанияның автокөлік өнеркәсібіндегі үлесі 50-60 пайызды құрайды. Автомобиль нарығындағы 50 пайызы осы компанияға тиесілі», — деді ол.
У Идің айтуынша, олар Қазақстан нарығына кіріп, акционер атанбас бұрын келісім болған.
«Біз компанияны автокөліктің көп түрін шығаратын ұлттық кәсіпорынға айналдырамыз деп Қазақстан Үкіметіне сөз бердік. Қазіргі таңда зауытта kia, Chevrolet, Škoda маркалары мен қытайлық jac, Jetour, Umchi көліктері шығарылады. Қазақстан үкіметінің қолдауымен және қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлесуімен қазір жоғары деңгейлі локализациялау процесін жүзеге асырамыз», — дейді ол.
Директор орынбасарының айтуынша, биыл да кәсіпорынға инвестиция құю жалғасады.
«Компанияға Қазақстан халқына қызмет ету үшін жаңа брендтерді тағы да енгізу жоспарланып отыр. Локализация үшін Қазақстан нарығына бөлшектерді сатып аламыз. Қостанайдағы көлік шығаратын зауытын Орталық Азиядағы кеңсеге айналдыру көзделіп отыр. Келесі аптада Түрікменстан өкілдері компанияға келіп, келіссөздер жүргізеді. Қазақстанның ұлттық көлік брендін қалыптастыру үшін өзге кәсіпорындар да келісімше ашылады деп ойлаймыз. Шетелдік бөлшектерді жинау бойынша Қазақстанның ұлттық кәсіпорнын қалыптастыру мақсаты тұр. Allur компаниясына қатысты мақсат «Бір жол-бір белдеу» жобасына пара-пар болып отыр», — дейді У И.
Genertec компаниясы коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстан мен Өзбекстан сынды 30 елге дәрі-дәрмек бойынша көмек көрсеткен. Жақында елімізде болған су тасқыны кезінде де компания өкілдері қондырғыларды бағыттағанын айтты. Бүгінгі таңда компания қызметкерлерінің 90 пайызы Қытайда, 10 пайызы шетелде еңбек етеді. Бас кеңседе 4 мыңға жуық қызметші жұмыс істейді. Жұмыс орнында қызметкерлерге арналған тегін спорт залы, медициналық орталық жұмыс істейді.