Әкімнің бұрынғы әйелінің атышулы мәлімдемесінен кейін Атырау облысында қызметтік тексеріс басталды

2024-05-17 14:30:03

«Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің үндеуіне қатысты ақпарат: бұған дейін А. Умебкалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбеген. Белгілі болып отырған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды», — деді әкімдіктің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy тілшісіне.

Бұған дейін Атырау облыстық полиция департаменті Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс биыл ақпан айында сотқа тапсырылғанын хабарлады.  Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша қозғалған. Келесі сот отырысы 29 мамырға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласының тұрғыны Ақмарат Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимовтен зорлық-зомбылық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады. Айтуынша, бұрынғы жұбайы оны он жыл бойы ұрып келген, ал бір жыл бұрын балаларын заңсыз тартып алған.

 

Последние новости

17.05.2024
Мақат ауданының әкімі әйелін ұрды деген күдікке ілінді: полиция мен сот не дейді
17.05.2024
Бишімбаевтан соң «бүкіл еркек әйелін өлтіруге дайын» деген пікір қалыптасып барады – композитор
17.05.2024
«Мектептегі ең сорлы пән – қазақ тілі»: Ғани Бейсембаев қазақ тіліне немқұрайлы қарап отыр ма
17.05.2024
Тағы бір қазақстандық шенеуніктің әйелі күйеуінен таяқ жегенін айтып, мемлекеттен көмек сұрады
17.05.2024
Маңғыстауда әйел ұлын мұнай-газ компаниясынан жұмыстан шығарғаны үшін әкімдік алдына шатыр тігіп түнеді
17.05.2024
«Медеу» табиғи паркінің заңсыз берілген жері мемлекетке қайтарылды
17.05.2024
«Тоқалдарға чемодан сатқан» сауда орталығына айыппұл салынды
17.05.2024
Әйелді тепкілеп жатқанда екі жігіт түк істемей қарап тұрған – Алматыдан тараған видео