«Елдегі  өмір сүру минимумының деңгейі азық-түлік бағасына сәйкес келмейді»: ЖСДП депутаттары күнкөріс құнын көтеруді ұсынды

Поделиться:

Депутаттар келтірген деректерге сүйенсек, елдегі  өмір сүру минимумының қазіргі деңгейі азық-түлік бағасына сәйкес келмейді.
Республика бойынша бағаға мониторинг жүргізген партия өкілдері статистика органдарының дұрыс мәлімет бермей отырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, азық-түлік өнімдерінің ең аз жиынтығының 2175 ккал тәуліктік энергетикалық құндылығын қамтамасыз ететін 43 түрлі азық-түлік өнімдерінің себеті нормаға сай келмейді.

«Азық-түлік қоржынына 2175 ккал тәуліктік қуат беретін азық-түлік өнімдерінің 43 түрі енгізілген. Біз бұл санды сапасы жағынан өте аз, халықаралық стандарттарға, сондай-ақ қазақстандықтардың мәдени және дәстүрлі тамақтануына сәйкес келмейді, олардың денсаулығына қауіп төндіреді деп санаймыз”-делінген депутаттық сауалда.

Депутаттар елдегі  күнкөріс минимумын 115 710 теңгеге дейін көтеруді сұрады.  Себебі биылғы  жылдың мамыр айының басында республика бойынша азық-түліктің орташа мөлшері олардың есептеуі бойынша 63 641 теңгені құраған.

Сонымен қатар депутаттар осы мәселені егжей-тегжейлі саралайтын арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Жоғарыда айтқанымыздай, мемлекетті әлеуметтік қорғауға жаңа көзқарас қажет, сондықтан біз партия мамандарының қатысуымен халықаралық стандарттар мен ұлттық мәдени қажеттіліктерге жауап бере алатын азық-түлік қоржынын әзірлеуге арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамыз», — делінген  Асхат Рахымжанов, Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағындықова, Наурыз Сайлаубай жолдаған депутаттық сауалда.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также