Сотталғандар казино ойнаған: Алматы облысында колония басшысына үкім шықты

2024-05-14 14:29:14

Не болды

Прокуратураның мәліметінше, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн-сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған, олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.

№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті, — деп хабарлады прокуратура.

Прокуратура не дейді

Сонымен қатар облыс прокуратурасы №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.

Анықталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде мекеме қызметкерлерінің өздерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан заң бұзушылықтарды көрсетеді, — деп толықтырды ведомство.

 

Последние новости

14.05.2024
Мопед жүргізушілеріне көлікті тіркеп, А1 санатындағы лицензия алу үшін алты ай уақыт беріледі
14.05.2024
Спортта Қазақстанның намысын 200-ден астам легионер қорғап жүр
14.05.2024
Бектенов туристерді Қазақстанның әдемі жерлеріне шағын тікұшақпен апаруды ұсынды
14.05.2024
«Тиранның тактикасын түсіндік»: Дина Төлепберген Бишімбаев үкіміне қатысты пікір білдірді
14.05.2024
«Көшпенділер визасы»: Қазақстанға келетін туристер үшін жаңа виза енеді
14.05.2024
«Қолындағы нанымен бірге құлады»: Нұртас Айдарбеков жұбайы Гүлзирамен танысқан сәтін есіне алды
14.05.2024
Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке ілінген – Смадияров
14.05.2024
Көксегені ақша ғана – Бектенов әуежайларда тұратын такси жүргізушілеріне шүйлікті