«Көшпенділер визасы»: Қазақстанға келетін туристер үшін жаңа виза енеді

2024-05-14 10:30:30

Министрдің айтуынша, туристерден визалық-көші-қон режиміне қатысты көптеген шағым түседі. Туроператорлардың хабарлауынша, шетелдік туристер визалық-көші-қон порталының техникалық ақауына байланысты виза алу кезінде қиындықтарға тап болады. Салдарынан туроператорлар шетелдік туристер үшін брондалған билеттерді алып тастауға мәжбүр.

«Осыған байланысты елге келгеннен кейін виза алу бойынша әуежайлардағы көші-қон қызметтерінде персонал санын көбейту және оның порталының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылады. Бұдан басқа, виза алу рәсімдерін цифрландыру және оңайлату арқылы бұл режимді жетілдіру қажет. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп шетелдік азаматтарға елде ұзақ мерзімді болу құқығын бере отырып, қазіргі заманғы көшпенділердің визасын енгізу мәселесі қаралуда», — деді Маржықпаев үкімет отырысында.

Әзірге жаңа визаның жұмыс атауы – NEO Nomad Visa.

«Бұл шараны енгізуден күтілетін экономикалық нәтиже жыл сайын 3 млрд теңгеден асады. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa енгізу тетігі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жолданды», — деді туризм министрі.

 

 

Последние новости

14.05.2024
«Қолындағы нанымен бірге құлады»: Нұртас Айдарбеков жұбайы Гүлзирамен танысқан сәтін есіне алды
14.05.2024
Қазақстаннан Лондонға қара жұмыс істеуге барған ерлі-зайыптылар кісі өлтірді деген күдікке ілінген – Смадияров
14.05.2024
Көксегені ақша ғана – Бектенов әуежайларда тұратын такси жүргізушілеріне шүйлікті
14.05.2024
Көлік жете алмай жатқан ауылдар бар – Бозымбаев су тасыған өңірлердегі ахуалды баян етті
14.05.2024
«Әмин» деп дауыстап айтқаны үшін ұрған: Сарыағаштағы мешітте төбелес болды (ВИДЕО)
14.05.2024
Полиция қызметкерлері мас жүргізушіні тоқтату үшін өз өмірлерін қатерге тіккен
14.05.2024
Автопарк Риддера пополнили 25 новых автобусов
14.05.2024
Жамбыл облысында жасөспірім өлі табылды