Айта кетейік, әйелін ұрып өлтірді деп істі болған экс министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырды.
“Соттың не шешімін қабылдайтынына байланысты түрлі пікірдің айтылғаны хақ. Жазасын толық өтеп, түрмеден шыққанда сотталған 68жасқа толады екен. «Ол кезде тірі ме, жоқ па, бастысы қоғамға қауіп төндірмес» деп қорытты өз ойын Салтанаттың ағасы.
Менің бұл соттан өзім үшін жасаған қорытындыларым:
1. Соңына дейін күрес. Қанша қиын болса да, байлығы мен шайлығы асқандарға жаза жоқ десе де, күрес. Әділдік бәрібір жеңеді.
2. Сен жалғыз емессің. Айтбек Амангелді бүкіл әлемнің қолдауын табам деп ойламаған еді. Алайда оның ағалық мейіріміне бәріміз де бас идік. Шын ниет, адал жолда жақтастар жолығады!
3. Тұрмыстық зорлық зомбылыққа төзу — тозақ өмір. Осы сотты, басты айыпталушы Бишімбаевтың манипуляциясын көріп, тиранның тактикасын көпшілік түсінді деп ойлаймын. Гүл өміріңізді күл өмірге айналдырмаңыз”, – деп жазды журналист.
Сонымен қатар медиа маманы марқұмның құқығы үшін тілеулес болған барша қыз-келіншектерге алғыс білдірді.
“Аянбай тер төгіп, әділдікке жеткен адвокаттарға мың алғыс! Мен барша #салтанатүшін #залтанат деп ұрандатқан жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Барша қазақ әйелдеріне бейбіт, қауіпсіз ортада өмір сүру бақыты бұйырсын”, – деп жазды Дина Төлепберген.
Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурыздан басталып 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті.