Қазақстанда су тасқынын бақылап отыруға арналған ресурс іске қосылды

2024-04-24 14:30:42

Барлық дерек жаңартылып отырады

Орталық коммуникация қызметі директорының орынбасары Александр Белиловский мемлекеттік қолдау шаралары туралы барлық дерек, жедел есептер, соңғы жаңалықтар, лауазымды тұлғалардың мәлімдемелері, министрліктер мен әкімдіктердің хабарламалары мүмкіндігінше тез жаңартылып, толықтырылатынын айтты.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ОКҚ базасында республикалық ақпараттық штаб ашылды. Осы уақыт ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 170-ке жуық брифинг өткізілді. Үкімет зардап шеккен өңірлердегі ахуал туралы және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған барлық шаралар туралы дереу хабардар етеді. ТЖ аясында адамдар көптеген ақпарат алған жағдайда, оны тексеруге, ресми дереккөзмен кеңесуге мүмкіндігі болуы маңызды, — деді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

 

Последние новости

24.04.2024
«Найзағай соғып, бұршақ жауады»: Елімізде алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
24.04.2024
«Мұрны мен ерні қанап тұрған»: Бишімбаев түсірген видеоларда не таспаланғаны белгілі болды
24.04.2024
Бишімбаевтың ісі: Жәбірленушінің адвокаты қандай үкім әділетті болатынын айтты
24.04.2024
«Жасанды интеллект арқылы дауысты өзгертеді»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болғанын ескертті
24.04.2024
Үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді
24.04.2024
«Қарғыстарын жаудыра берсін»: адвокаты Бишімбаевты неге қорғауға алғанын айтып берді
24.04.2024
Елімізде көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережелері өзгерді
24.04.2024
TikTok қызметі ақпарат министрінің желіні бұғаттау туралы мәлімдемесіне өз назын айтты