Үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді

2024-04-24 14:30:42

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.

Жоғарғы сот пен сот әкімшілігі қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.

Сот отырысы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2024 жылың 24 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған, жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Сотталушы “бұзақылық” бойынша ғана кінәсін мойындайтынын айтты.

 

Последние новости

24.04.2024
«Қарғыстарын жаудыра берсін»: адвокаты Бишімбаевты неге қорғауға алғанын айтып берді
24.04.2024
Елімізде көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережелері өзгерді
24.04.2024
TikTok қызметі ақпарат министрінің желіні бұғаттау туралы мәлімдемесіне өз назын айтты
24.04.2024
Су тасқыны: 31 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды
24.04.2024
Байжанов: көріпкел шындықты айтып тұрған жоқ
24.04.2024
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында өрт болуы мүмкін – синоптиктер
24.04.2024
Андрей Фролов внедряется в преступную группировку: на Иви вышли все серии криминального ретро-детектива «Горький 53»
24.04.2024
«Қыздарына ие болмай ма?!»: Дархан Жолшыбековтың анасы алғаш рет ұлының некесіз қызына қатысты пікір білдірді