Елімізде көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережелері өзгерді

2024-04-24 14:30:42

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешов аталған түзетулер туралы тарқатып айтты.

“Біріншіден, біз жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлерді қайта алуды жеңілдеттік. Егер сіз басқа аймаққа көшкен болсаңыз, онда алдыңғы аймақта алынған жоғары сұранысқа ие нөмірді өзіңізде қалдыра аласыз. Сонымен қатар дәл осындай нөмірлерді жақын туыстарыңызға, яғни ата-анаңызға, бауырларыңызға, балаларыңыз немесе жұбайыңызға қайта рәсімдей аласыз. Біз бұл түзетулерді осыған ұқсас жағдайларға тап болған азаматтардың өтініштерін ескере отырып ұсындық”, – дейді департамент бастығы.

Екіншіден, көлікті тіркеу процесін жеңілдету үшін біз оның техникалық сипаттамалары бойынша бірқатар қағаз құжаттардан бас тарттылды. Қазақстанда көлікті бастапқы тіркеу кезінде бұл құжаттарды мемлекеттік органдардың дерекқорынан электронды түрде алынады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерге жүгіну кезінде алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру бойынша талап қайтарылды.

Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді.

“Бұдан басқа, “А”, “В” санатындағы жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізу куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік мектептерінде оқудан өту қажет. Олар көліктердің ең көп таралған түрлері болып табылады. Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларына жиі түседі. Сондықтан оларды жүргізу үшін кешенді теориялық және практикалық даярлықтан өту керек”, – дейді министрліктің ресми өкілі.

Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енді.

“Құрметті азаматтар! Аталған түзетулер ең алдымен сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтарға полиция тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге бағытталған”, – деді департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

 

Последние новости

24.04.2024
TikTok қызметі ақпарат министрінің желіні бұғаттау туралы мәлімдемесіне өз назын айтты
24.04.2024
Су тасқыны: 31 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды
24.04.2024
Байжанов: көріпкел шындықты айтып тұрған жоқ
24.04.2024
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында өрт болуы мүмкін – синоптиктер
24.04.2024
Андрей Фролов внедряется в преступную группировку: на Иви вышли все серии криминального ретро-детектива «Горький 53»
24.04.2024
«Қыздарына ие болмай ма?!»: Дархан Жолшыбековтың анасы алғаш рет ұлының некесіз қызына қатысты пікір білдірді
24.04.2024
«Адам төзгісіз ғой ол»: Сотта Бишімбаев сенген көріпкелден жауап алынып жатыр
24.04.2024
В ВКО общественники контролируют стройтельные работы