Бишімбаевтың ісі: Жәбірленушінің адвокаты қандай үкім әділетті болатынын айтты

2024-04-24 14:30:42

Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Республикалық адвокаттар алқасының мәлімдемесіне түсініктеме берді.

— Мен келісемін, қорғаушылардың жұмысына баға беруге болмайды. Сонымен қатар, қорғаушыларға қорғанушыларға қарағандай қарауға болмайды деген түсініктемелер болды. Олар оны қорғауға міндетті, кез келген азамат адвокаттардың заңгерлік көмегіне құқылы», — деді ол.

Журналистер Бишімбаевқа қандай жаза әділ болады деп Вранчевтен сұраған. Ол “өмір бойы бас бостандығынан айыру” деп жауап берді.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастро-орталық» директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

 

Последние новости

24.04.2024
«Жасанды интеллект арқылы дауысты өзгертеді»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болғанын ескертті
24.04.2024
Үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді
24.04.2024
«Қарғыстарын жаудыра берсін»: адвокаты Бишімбаевты неге қорғауға алғанын айтып берді
24.04.2024
Елімізде көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережелері өзгерді
24.04.2024
TikTok қызметі ақпарат министрінің желіні бұғаттау туралы мәлімдемесіне өз назын айтты
24.04.2024
Су тасқыны: 31 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды
24.04.2024
Байжанов: көріпкел шындықты айтып тұрған жоқ
24.04.2024
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында өрт болуы мүмкін – синоптиктер