«Жасанды интеллект арқылы дауысты өзгертеді»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болғанын ескертті

2024-04-24 14:30:42

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайтынын ескертіп, сақ болуға шақырды.

“Адамның шынайы дауысын пайдалану үшін қаскөйлер WhatsApp, Telegram және т.б. аккаунттарды бұзып, дауыстық хабарламаларды көшіріп, оларды нейрондық желіге жүктейді не болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысы ақша жіберуді сұрайтын өтінішке айналып, дауыстық хабарлама түрінде жіберіледі, тіпті сол адамның атынан мәтінмен де келуі мүмкін”, – деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Смартфонды бұзу үшін алаяқтар  байланыс операторының техникалық қолдау қызметіненбіз деп қоңырау шалып, телефонға келген кодты айтуын сұрайды екен. Мәлімдеулерінше, алаяқтар балалар байқауына дауыс беру керек немесе сауалнамадан өту керек деп өтірік сілтеме жібереді.

“Жасанды интеллекттің көмегімен мессенджерлерде ІІМ, Бас прокуратура және т.б. атынан бейнеқоңырау шалып, азаматтарды ұлттық банкпен «бірлесіп жасалатын» төлем операцияларына қатысуға үндейді. Әңгіме барысында ұлттық банк атынан жалған құжат ұсынады. Азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған құжаттарда мемлекеттік органдардың немесе жеке компаниялардың «уәкілетті адамы» қойған қолы мен оның аты-жөні және басылған мөрі көрсетіледі”, – делінген хабарламада.

Ұлттық банк күдікті сілтемелерге өтпеуге, телефонға келген код пен парольді ешкімге айтпауға және жібермеуге кеңес береді. Сөзінше, ҰБ қызметкерлері мессенджер арқылы аудио/видеоқоңырау шалмайды.

Сондай-ақ жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске салды.

 

Последние новости

24.04.2024
Үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді
24.04.2024
«Қарғыстарын жаудыра берсін»: адвокаты Бишімбаевты неге қорғауға алғанын айтып берді
24.04.2024
Елімізде көлікті тіркеу және жүргізушілерді даярлау ережелері өзгерді
24.04.2024
TikTok қызметі ақпарат министрінің желіні бұғаттау туралы мәлімдемесіне өз назын айтты
24.04.2024
Су тасқыны: 31 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды
24.04.2024
Байжанов: көріпкел шындықты айтып тұрған жоқ
24.04.2024
Маңғыстау және Қызылорда облыстарында өрт болуы мүмкін – синоптиктер
24.04.2024
Андрей Фролов внедряется в преступную группировку: на Иви вышли все серии криминального ретро-детектива «Горький 53»