"Алматы наш": Желіде қаруланған жігіттердің видеосы жарияланды

2020-12-23 12:20:13
Алматы полициясы қаруланған жігіттердің видеосына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеолар Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды. Бір видеода біреу "Алматы наш" деп айғайлап, ауаға оқ атады.

Екінші видео түнде түсірілген. Онда белгісіз жігіттің "Алматы наш" деп ауаға оқ атқанын көруге болады.

Бостандық ауданының полиция қызметкерлері видеодағы жігітттердің кім екенін анықтайтынын жеткізді.

"Олар ұсталып, жауапқа тартылады. Күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Біз міндетті түрде видеода қандай қару болғанын анықтаймыз. Оның кімге тиесілі екенін, қайдан екенін анықтау үшін қажет шараларды жүргіземіз", - деді полициядағылар.