Екібастұзда итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші видеоға түсіп қалды

2020-12-23 12:20:13
Әлеуметтік желілерде итті көлікпен сүйреген видео пайда болды. Оқиға Екібастұз қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео Instagram желісінде жарияланды. Онда Екібастұзда жүргізушінің итті көлікке байлап сүйреген сәтін көруге болады.

"Қараңыздар! Алабай итін сүйреп барады", - дейді видеоның авторы

Бұл дерекке қатысты Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

"Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция басқармасында тіркелді. Көлік жүргізушісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Tengrinews.kz тілшісі Экология министрлігіне сауалхат жолдады.