Шығыс Қазақстанда жолда қалған аңшылар құтқарылды

2020-12-23 12:20:13
Семей қаласынан 47 шақырым қашықтағы Жарқын ауылының үш тұрғыны «Нива» көлігімен аңға шыққан. Алайда ауылдан 30 шақырым ұзағаннан кейін аңшылардың көлігі сынып қалған, деп хабарлады Алтайньюс.


Жаяу қалған жолаушыларға құтқарушылар дер кезінде көмекке келді.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолаушыларға «Нива-Марш» автокөлігімен жетіп, көмек көрсетті. Ешкім зардап шекпеді. Аймақ тұрғындарына ескертеміз, жолға шықпас бұрын міндетті түрде автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп алыңыздар. Автокөлік жолдарының жағдайы туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.