Instagram әлеуметтік желісінде жолаушылар пойызының жанында жігіттің қатты дауыстап, пойызға гитарасын ұрып сындырған видео жарияланды, деп хабарлайды azattyk-ruhy.kz.
Көлік полицейлері бұл оқиғаның 8 желтоқсан сағат 00:30-да Атырау облысының Сағыз станциясында болғандығы анықталды. «Ақтөбе-Атырау» бағытындағы пойыздың тоқтап тұрған кезінде 17 жастағы азамат қоғамдық орында тәртіп бұзып, айналасындағы адамдарға сыйластық танытпаған. Құқықбұзушының айтуынша, ол досын Атырау қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға шығарып салуға келген.
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, құқықбұзышыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Қызылқоға аудандық сотына жолданды.
Мұндай бұзақылық үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Пойызға гитарасын ұрып сындырған атыраулық жауапқа тартылды
2020-12-09 16:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/84758-poyyza-gitarasyn-ryp-syndyran-atyrauly-zhauapa-tartyldy.html#
Последние новости
09.12.2020
В Алматы введут новые ограничени