Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымның жақтастары мінген автокөліктерден бірнеше атыс қаруы табылды, деп хабарлайды polisia.kz.
Бір топ ер адамды ұстау операциясын экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері арнайы жасақтың жауынгерлерімен бірлесіп жүргізді.
Қару-жарақ салынған үш автокөлік Ақтаудағы 1-ші шағын ауданында жағалау маңында тоқтатылды.
"Ұсталғандардан үш шолақ мылтық, төрт травматикалық тапанша және оқ-дәрі табылды. Қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Маңғыстау облысы ПД экстремизммен күрес басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекбол Қорғанбаев.
Күдіктілер қару-жарақты қандай мақсатпен сақтағанын тергеу анықтайды.
Қазір ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-тармағы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Олар екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ақтауда полиция қару ұстаған ер адамдар мінген үш автокөлікті тоқтатты
2020-12-09 16:20:13
Последние новости
09.12.2020
В Алматы введут новые ограничени
09.12.2020
Секреты выбора замороженных овощей и фруктов
09.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ