Заңсыз мерекелік кеш өткізгендерді мониторинг топтары бақылайды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Жаңа жылға қосымша карантиндік шектеулер енгізілмейді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлім етті.
«Жаңа жылдық мереке кезінде карантиндік қосымша шектеулер енгізілмейді. Қазірдің өзінде елімізде тиісті шектеулер енгізілген. Біз ұсынған «қызыл», «сары» аймақтардағы шектеулер сол деңгейде қалады. Ал қазақстандықтарды жаңажылдық мерекені отбасымен бірге үйде тойлауға шақырамын. Көпшіліктің қаулыға мән бермейтінін білеміз. Бірақ заңсыз мерекелік кештерді бақылайтын мониторинг топтары жұмыс істейді. Бөлек қаулы, ереже шығармаймыз. Бәрі қазіргі алгоритм бойынша қалады», - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте 729 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды.
Жаңа жыл мерекесі кезінде қосымша карантиндік шектеулер енгізіле ме?
2020-12-09 16:20:13
Последние новости
09.12.2020
Секреты выбора замороженных овощей и фруктов
09.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ
09.12.2020
Гороскоп на 9 декабря
08.12.2020
Президент «Волонтер жылын» қорытындылады
08.12.2020
Тоқаев Абай атындағы сыйлықты кімдерге берді