Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге қатысты бірнеше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қайырымдылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қайырымдылық ұйымдарының реестрін енгізу мәселесін пысықтап алған дұрыс. Оны осы саладағы ақпараттық жүйелерге қосып, барлығына қолжетімді ету керек. Сонда кез келген адам қайырымдылық ұйымының қызметімен таныса алады. Қаржылық есе-қисабын да көруге мүмкіндік болады", - деді Тоқаев Волонтер жылының жабылуына арналған шарада.
Осы орайда президент электронды қайырымдылық саласында халықты алаяқтардан қорғау жүйесін құру қажеттігін ерекше атап өтті. Себебі бүгінде көбісі ақшаны электронды түрде аударып отырады.
"Бүгінде қаржылай көмек көрсетудің кеңінен танылған формасы, ол - электронды түрде ақша аудару. Әрбір үшінші қазақстандық онлайн-садақа беруді жөн санайды. Ендігі кезекте халықтың сенімін кетіріп алмау үшін және осы саладағы махинацияларды жою мақсатында онлайн-бинкинг арқылы револьверлік, яғни, шұғыл садақа жасауды енгізу керек. Соның арқасында ақшаның қозғалысын бақылап, оның нақты көмекке зәру адамға жеткенін көруге мүмкіндік болады", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы еріктілер ұйымдарына жүйелі қолдау көрсетіп, оларға арнайы гранттар бөлу жұмысын жалғастыру қажеттігін жеткізді. Алдағы уақытта еріктілікті дамытудың жол картасы мен еріктілерді даярлауға арналған бағдарлама әзірленеді. Қазақстанда волонтерлік қызметті қолдаудың бірыңғай стандарты жасалады.
Әрбір үшінші қазақстандық онлайн-садақа беруді жөн санайды - президент
2020-12-08 16:20:12
Источник:
http://www.matritca.kz/news/84717-rbr-shnsh-azastandy-onlayn-sadaa-berud-zhn-sanaydy-prezident.html#
Последние новости
08.12.2020
Закроют ли Атырау снова на карантин
08.12.2020
ОПГ ликвидировали в Алматинской области