Тоқаев Абай атындағы сыйлықты кімдерге берді

2020-12-08 16:20:12
Ақорда сайты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлығын жариялады, деп хабарлайды SputnikNEWS.KZ.


Президент жарлығымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – "Абыз Әбіш" зерттеуі үшін;

Ақсұңқар Серікке, ақын – "Көкейімде Күлтегіннің жазуы" өлеңдер жинағы үшін;

Есім Ғарифоллаға, жазушы – "Ғұлама-наме" трилогиясы үшін;


Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – "Ұлы Дала әдебиеті" тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;

Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – "Достояние души" өлеңдер жинағы үшін;

Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – "Сарра" драматургиялық шығармалар жинағы үшін;

Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – "Періштелердің өлімі" прозалық шығармалар жинағы үшін берілді.
Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.