Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа жылдың алдында қосымша шектеу шараларын енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер алдағы мереке күндері қосымша шектеу шаралары жайында сұрады. "Алда Тәуелсіздік күні бар. Одан кейін Жаңа жыл. Шетелде қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бізде Жаңа жылды жақсы тойлайды. Сіз бас мемлекеттік санитар дәрігер ретінде қосымша шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отырған жоқсыз ба?", - деді тілшілер.
Бас санитардың айтуынша, қосымша шектеу шаралары енгізілмейді. Бүгінде әрбір өңірді санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай "жасыл", "сары" мен "қызыл" аймақтарға бөліп, соған қарай қабылданған шектеу шаралары да жеткілікті.
"Бөлек қосымша шектеу шаралары енгізілмейді. Қазір тиісті шектеулер бар. Бұдан бөлек, "қызыл" аймақтарға арналған шектеулер сол күйінде сақталады. Әзірше, бөлек бір қаулыларды шығару жоспарда жоқ. Барлығы бұрынғы қалпында қалады", - деді Қиясов.
Осы орайда бас мемлекеттік санитар дәрігері Жаңа жылды үйде отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берді. Әйтпесе, науқастардың саны күрт өсіп кетуі мүмкін.
"Мәселен, АҚШ-та ризашылық күні аталып өткеннен кейін науқастардың саны күрт өсті. Сондықтан біздің азаматтарымызды алыс жолға шықпай, мерекені үлкен ұжыммен тойламауға шақырамын. Қазіргі кезде ондай шараларға тыйым салынған. Шыны керек, көбісі шектеу шараларын сақтамайды. Бірақ мониторингтік топтар жұмыс істейді", - деп атап көрсетті Қиясов.
Жаңа жылда шектеу шаралары күшейтіле ме – бас санитар жауап берді
2020-12-09 16:20:13
Последние новости
09.12.2020
В Алматы введут новые ограничени
09.12.2020
Секреты выбора замороженных овощей и фруктов
09.12.2020
ЦИТАТА ДНЯ
09.12.2020
Гороскоп на 9 декабря