Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 15 желтоқсаннан бастап карантинді күшейту туралы хабарламаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Барлығы азаматтардың эпидемиологиялық ережелерді сақтауына байланысты. Егер маска режимі мен қашық сақталмаса, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, онда біз шараларды қатаңдатуға мәжбүр боламыз. Бірақ 15-14 желтоқсанда карантин қатаңдатылады деген әңгіме болған жоқ. Бұл біздің бірлескен жұмысымызға - билік пен халыққа байланысты. Иә, шаршадық, бірақ шараларды сақтау керек", - деді Бекшин.
Еске салайық, кеше, 8 желтоқсанда Алматының "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің 8 желтоқсандағы деректері бойынша Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы. Барлық қалған өңір "жасыл" аймақта.
Алматыда 15 желтоқсаннан бастап карантин күшейтіле ме?
2020-12-09 16:20:13
Источник:
http://www.matritca.kz/news/84756-almatyda-15-zheltosannan-bastap-karantin-ksheytle-me.html#
Последние новости
09.12.2020
В Алматы введут новые ограничени
09.12.2020
Секреты выбора замороженных овощей и фруктов