Елордадағы «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешені құрылысы 2021 жылы аяқталады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Әділет министрі Марат Бекетаевтың БАӘ-ге жұмыс сапарымен барып, үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор Фахад әл-Махмудпен, жобаларды басқару жөніндегі бас директор Ибрагим әл-Магрибимен, жоба директоры және «Aldar Properties» компаниясының бақылау жөніндегі директорымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«Құрылыс компаниясы Arabtec Holding жобасының бас мердігерінің күрделі қаржылық жағдайы «Әбу-Даби Плаза» құрылысының аяқталуына әсер етпейтінін атап өтті. Кездесуде араб компаниясы өкілдері сендіргендей, COVID-19 карантин шараларына байланысты нысанды 2021 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Айтпақшы, сауда-ойын-сауық орталығы, қонақүй кешені сияқты көпфункционалды кешеннің бірқатар нысаны 2019 жылдың желтоқсанында және 2020 жылдың наурызында ашылды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
Сонымен қатар сапар барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов шетелдік инвесторлармен кездесті. Тараптар жеке инвестициялар есебінен Нұр-Сұлтанда білім, медицина, туризм және т.б. саладағы бірқатар маңызды жобаны жүзеге асыруға келісті. Бұл қала экономикасына жеке инвестиция тартып, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии