Ақмола облысында апатты жағдайда тұрған көпірдің видеосы жарияланды. Олардың айтуынша, Ақмола облысы Шортанды ауданы Дамса ауылының тұсындағы А-1 автомобиль жолындағы көпірдің темірбетон конструкциялары ажыраған. Куәгерлер жолдаған видеодан ауыр жүк көліктері өткенде көпірдің «тербетіліп» тұрған сәті анық байқауға болады, деп хабарлайды AzattuqRuhy.kz.
Осы жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі пікір білдіріп, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Щучинск автомобиль жолының 75 шақырымында, Ақмола облысы Шортанды ауданы тұсындағы жолайрықтан ақау шыққанын мәлімдеді.
Осы жағдайға байланысты «ҚазАвтоЖол» АҚ Шортанды ауданының әкімдігі және аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен, «Қазжол ҒЗИ» АҚ мамандарымен бірлесіп комиссиялық тексеру жүргізген.
Комиссияның шешімімен ақау шыққан жолөткел айрығында барлық транспорт түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылған.
«Жолаушылар енді жақын маңда орналасқан Мықтыкөл және Дамса ауылдарының қиылысындағы жолмен айналып өте алады. Өткелдегі ақау мейлінше тез арада қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии