ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 12 қазан күні Оңтүстік Кореяда мерт болған екі қазақстандықтың өліміне жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болғанын мәлім етті, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
«2020 жылғы 12 қазанда Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық қаза тапты. Жергілікті полицияның біздің дипломаттарға берген алдын ала ақпараты бойынша, жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан алған жарақатына байланысты қаза тапқан. Аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары басталды. Біздің отандастарымыз Кореяда заңсыз жүргенін атап өту қажет. Марқұмдардың туыстарымен байланыс орнатылды. Елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, азаматтарымыздың денелерін елге жеткізу бойынша тиісті шараларды қабылдауда», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда көз жұмған екі қазақстандықтың бірі - 20 жастағы Түркістан облысының тұрғыны, екіншісі - 50 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии