Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Тараз қаласында 30 жастағы жүргізуші басқарған «Нива Шевроле» автокөлігін тоқтатты. Тараздық азаматтың сөйлесу мәнері мен көлік салонынан шыққан ерекше иіс тәртіп сақшыларының күмәнін туғызған, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.
Көлік толық тексеріліп, нәтижесінде салонннан өсімдік тектес төрт қап кептірілген марихуана табылған.
Жүргізуші ұсталды, аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии