Қазақстанда мүгедектігі бар адамды жұмысқа алған кәсіпорынға тоқсанына 42,5 мың теңге өтемақы жарнасы енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың кезекті жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады Сенаторлар дәрігерлік оқу орындары жұқпалы ауру мамандарын дайындау керектігін айтты Сенатта өткен әлеуметтік кәсіпкерлермен кездесу барысында Біржан Нұрымбетов Еңбек министрлігі мүгедектігі бар тұлғаларға арналған заңнамаға түзетулер топтамасын әзірлегенін айтты.

«Олардың бірі осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындары квотасын іске асыруды ынталандыруға бағытталған. Осылайша, баламалы нұсқа – тоқсанына 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 42,5 мың теңге өтемақы жарнасын енгізу жоспарлануда. Бұл шара мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік жауапты кәсіпорындар арасында жұмысқа орналастыруға бағытталады», - деді ол.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыратын жеке HR-агенттіктердің қызметіне төленетін ақыны ұлғайту жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, аталған кездесу барысында халықтың әлеуметтік осал топтарын кәсіпкерлік қызметке тарту үшін 5 бағыт аясында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылған болатын.

Ал кездесуге төрағалық еткен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау туралы заң жобасын әзірлейтіндігін хабарлаған еді.