Үйінде батыр болып, бауыр еті балаларына жұдырық жұмсаған күйеуінің қолына бүгін кісен тағылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Күдіктіге қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігіне сәйкес, азаптау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы осы тергеу барысында анықталады» деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Енді қамауға алынған қатыгез әке 4 не 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өкініштісі, өз кінәсін мойындап жатқан ол жоқ. «Ұлдарымды ұрып, таяқпен тәрбиелеймін, ал отбасымда жұрттың шатағы да болмасын» дейді.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии