Психолог Ғалияш Махашева бүгін «Желмая» жобасында қонақта болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ата-аналар неге қатыгез болып бара жатыр? Отбасының материалдық жағдайы жақсы болса, онда ата-ана қатыгез болмас па еді? Бай отбасылар балаларын қалай тәрбиелейді? Олар да балаға қатыгездік таныта ма? Түркістан облысындағы баланы ұрған әке ұсталды, уақытша қамалды. Одан енді не өзгереді? Неге осындай видеолар жарияланғанда ғана шулаймыз? Баласын ұрған әкеге қалай көмектесуге болады? Педофильден зардап шеккен немесе отбасында әке-шешесінен таяқ жеген балалар туралы желілер шулағанда ғана тиісті органдар назар аудара ма? Олар айыппұл төлеп, жазадан құтылып кетпей ме? Пандемия кезінде отбасылардың ажырасу себебі неде? Бағдарлама барысында қоғамдағы осындай сұрақтарға психолог жауап берді.