Айдын Оразханов "Метрополитен" КМК директоры болып тағайындалды. Ол 2016-2018 жылдар аралығында да осы ведомствоны басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 2 қазанында шыққан. Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Маматұлы Әділов таныстырды.
Айдын Оразханов "Пайдалы кен орындарын барлау техникасы мен технологиясы" мамандығы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, сондай-ақ М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии