ҚДП саяси партиясының өкілі Құндыз Жолдыбаева Facebook желісіндегі парақшасында тергеу изоляторынан босатылған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевпен бірге түсірілген суреттерді жариялады, - деп хабарлайды 24.kg.

"Алмазбек Шаршенович бүкіл халыққа жалынды сәлем жолдайды!", - деп жазды Жолдыбаева суреттің сипаттамасына.



Еске салайық, Бішкекте митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды. Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірді.