Алматыда бес баласы бар қайыршы ақша беруден бас тартқаны үшін жүргізушіге шабуыл жасады. Бұл оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Qamshy.kz.

Жазба авторының айтуынша, бұл «Алтын Орда» базарының жанында болған.

"Бес баласы бар қайыршы ақшасын бермегені үшін көліктің артқы терезесін сындырды. Содан кейін ол бізге таяқпен шабуылдап, тас лақтырды", – деп жазды автор.

Полиция екі сағат жүріп ұстай алмаған. Жазба авторы анасының беті көгеріп қалғандығын айтқан және қайыр сұрап жүрген сол келіншек ақша бермегеннен кейін қолын тістеп алған көрінеді.

Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Алматы-Бішкек тас жолында болған бұл оқиға Қарасай аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

– Еш жерде жұмыс істемейтін, "Алтын орда" маңында қайыр сұрап қана күнелтетін 37 жастағы келіншекке қатысты 6 хаттама толтырылды: "Денсаулыққа зиян келтіру", "Ұсақ бұзақылық", "Қоқыс тастау", "Қоғамдық орында қол жүгірту", – делінген полиция департаментінің берген ресми жауабында.

Қазір әкімшілік іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындады.

View this post on Instagram

Здравствуйте. Опубликуйте пожалуйста. Около базара алтын орда попрошайка с 5 детьми разбила заднее стекло машины за то, что просто посигналили и не дали ей денег. Потом напала на нас палкой и бросалась камнями. Она очень агрессивная и неадекватная. Полиция ехала 2 часа, ее даже не задержали. среди белого бросаются без причины, тк мы не проявляли ни агрессию, ни оскорблений. Г. Алматы. У мамы большая гематома на лице и кровоподтёк на голове. Меня укусила за руку, также женщина, которая нас начала защищать-ей прокусила палец.

A post shared by @kris_p_almaty +21 | kz ???????? (@kris_p_almaty) on