Қала тұрғындары нөсер салдарын фото, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, нөсер салдарынан жолда көлік қатынасы қиындаған. Жүргізушілер көлік нөмірін жоғалтып алған. Әзірге ешкім полицияға шағым түсірмеген.
Жолды су басқан, тұрғындар жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Тіпті, кейбірі автомобильді моторы бар қайықпен салыстырған.
"Қандай қорқынышты", - дейді әйел. Тұрғындар нөсерден жолдың шеті көрінбей қалғанын айтады.
Нөсердің видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
"Шынымен де туристік қала екен. Теңіз де, өзенде бар, Венеция сияқты. Енді ағаштарды суарудың қажеті жоқ. Сіздерге қызығып отырмын. Венецияда тұрып жатсыздар, соған қарамай шағым айтасыздар", - деп жазды желі қолданушылары.
Ал кейбір желі қолданушысы бұл мәселеге қатысы ойларын ашық айтты.
"Жиналған суды ағызып жіберетін құрал керек. Бізде олар қарастырылмаған. Басқа елдер мен қалаларда жол салған кезде осы құралды бірге салады. Өкінішті, жолды салуға көп еңбек кетті ғой, - дейді желі қолданушылары.