Орал тұрғындары жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына қарсы шықты

2020-08-06 07:00:42
Оралдағы шағын аудан тұрғындары жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәрсенбіде бірнеше тұрғын салынып жатқан аурухананың құрылысы алаңына жиналып, оған қарсы шықты.

"Техника жұмыс істей бастады. Халық олардан не салынып жатқанын сұрады. Олар бізге жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатқанын айтты. Ол бізге керек емес. Мұнда отбасылар мен балалар тұрады. Бізге жол, мектеп, балабабақша, көшеге жарық керек. Балалар спорт және ойын алаңын салынғанын қалайды", - дейді қала тұрғыны Светлана Құсайынова.

Наразы тұрғындар әлеуметтік желіде өздерінің тобын құрыпты. Осылайша, олар аурухана құрылысына қарсылық білдірген.

"Бұл - тұрғын үй кешені. Оның құрылысы қоғаммен талқыланған жоқ. Біз бұл туралы тек жұмыс басталғаннан кейін ғана білдік. Ешкім бізге ескерткен жоқ. Біз аурухана құрылысына қарсы емеспіз. Тек ол қаланың шетіне салынсын. Коронавирусқа байланысты жағдай әлі де күрделі", - дейді Қуанышбек Назаров.

Орал тұрғындары жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысына қарсы шықты


Қалалық әкімдік бұл мәселеге қатысты пікір білдірді. Олар мұнда 200 адамға шақталған оңалту орталығы салынатынын жеткізді. Мұндай ауруханалар Нұр-Сұлтан мен Шымкентте бар екен. Құрылыс 2 айда бітеді.

"Оралда оңалту орталығын салу үшін 4 гектар жер берілді. Ол Жұлдыз шағын аударында орналасқан. Қалада басқа бос жер жоқ. Мұнда барлық қажет инженерлік инфрақұрылым бар: жол, газ, су, электр энергиясы. Алдағы уақытта орталық поликлиника немесе аурухана болады. Бізге тұрғындардан шағым түсті. Біз оларға міндетті түрде жауап береміз", - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мұлқай.