6 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР батысында, шығысында және оңтүстік-батысында жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
6 тамыз күнгі ауа райы болжамы
2020-08-06 07:00:42
Последние новости
06.08.2020
Прогноз погоды на 6 августа
06.08.2020
Гороскоп на 6 августа
05.08.2020
Три человека утонули за сутки в СКО