Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды

2020-08-06 11:00:47
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 6 тамызда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан бері барлығы 9584 ауру жұқтырған, 102 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 139-ы балалар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - делінген хабарламада.

Жалпы науқастардың арасында 170 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 36 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Өткен тәулікте елімізде 1060 адамнан (КВИ+) коронавирус анықталды және 34 адам індеттен көз жұмды. Бір тәулік ішінде КВИ+ және КВИ- қорытындысымен 50 адам коронавирустан және пенвмониядан көз жұмды.