25 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданында болған көлік апаты бойынша тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
25.05.2020 жылғы жол көлік қозғалысы дерегі бойынша А. Азаматовқа қатысты тергеу ісі басталды және оның әрекеті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағы бойынша қайта қаралуда (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет).
Медициналық сараптама жасау кезінде А. Азаматовтың "орташа деңгейде масаң күйде" болғаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеуде тараптар іс материалдаырмен танысуда, - делінген Алматы облысы прокуратурасының жауабында.
25 мамыр күні мас жүргізуші Қарасай ауданындағы блок бекетке барып соғылған. Алдымен ол бетон қоршауын, кейін патруль көлігін соққан. Салдарынан полиция көлігіндегі 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев оқиға орынында көз жұмды. Оның әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханаға жетпей қайтыс болды. Зардап шеккен үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, ол аман қалды.
Кейін BMW көлігінің жүргізушісі Азат Азаматов бұрынғы полиция қызметкері екені анықталды. Ол осы қайғылы жағдайға дейін өз міндетіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан шығарылған.
Блок бекеттегі апат: жүргізушіні адам өлтіргені үшін соттамайды
2020-08-04 11:00:41
Последние новости
04.08.2020
ЦИТАТА ДНЯ
04.08.2020
Қанша қазақстандық 21250 теңге алады
04.08.2020
Пенсионера избили до смерти в Шымкенте