Медицина және өнер мамандықтарында оқитын студенттер қашықтан оқымайды – БҒМ

2020-08-04 09:00:57
Биыл Қазақстанда колледжер мен жоғарғы оқу орындарындағы сабақтар толығымен онлайн емес, аралас форматта өтетін болды. Оның ережелерін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында түсіндірді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Сонымен, колледжерде педагогикалық, IT, гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша қашықтан оқыту, технологиялық, аграрлық медицина және өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылмақ.

«Сәйкесінше, зертханалық жұмыстар мен өндірістік тәжірибені штаттық режимде жүргізуге мүмкіндік береміз. Сонда өте аз бала қамтылған. Олар өздерінің жұмыс орындарында болады деп жоспарлап отырмыз», - деді министр бұл жайында.

Ал алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, 1 топтағы студент саны 15-тен аспайтын 9000-нан астам студенті бір 102 колледж штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр.

Жоғары оқу орындарында сабақтың негізгі бөлігі қашықтан жүргізіледі.

«Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар 70% онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтар (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, оқу орны ғимаратында өтеді», - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады. Болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүреді.

«Осы берілген бағдардың шеңберінде әрбір ұйым өздері дербес шемім қабылдайды», - деді министр.