Қазақстанда 20 мыңнан астам мұғалімнің компьютері немесе интернетке қолжетімділігі жоқ. Сондықтан бұл мәселе мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру арқылы шешіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мектептерге техниканы сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы алғанда, 185 мың оқушының компьютері жоқ. Компьютерлер жетіспейтінін көріп отырмыз, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда жеткіліксіз. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін 500 мыңнан астам бала компьютермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 24 мың мұғалімнің жеке компьютері жоқ, 2 мың мұғалім интернетке қосыла алмай отыр. Бұл мәселе мектеп компьютерлерін уақытша пайдалануға беру арқылы шешіледі,- дейді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, көктемдегі тәжірбиеге сәйкес телесабақтарды да әзірлеп жатыр. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде.
Теледидар сабақтары "әл-Фараби" мен "Ел-Арна" арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып барлық оқушылар үшін тегін және қолжетімді болады. Қазір ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп осы арналармен қамтылу картасы дайындалды. Соның негізінде 604 елдімекенде осы арналарға қол жетпейтіні анықталды. Бірақ оның 314-де ғана оқушылар бар. Бұл мәселе жергілікті телеарналарға ретрансляциялау, спутниктік антенналар орнату арқылы шешіледі. Оқулықтармен қамтамасыз етуге қатысты жұмыс жүргізілуде, - дейді министр.
Мұғалімдерге мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға беріледі
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
04.08.2020
Люди с противопоказаниями могут не носить маски - А.Цой
04.08.2020
Ақмола мен Қостанай облысында жағдай күрделі – Асқар Мамин әкімдерге тапсырма берді
04.08.2020
Отставки главного полицейского требуют в Актау
04.08.2020